Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Юсуп Шадиев: Біз Өзбекстаннан бірнеше жылға қалып қойдық

Редактор Penalty.kz
02.02.2025, 19:40

Ардагер футболшы әрі сарапшы Юсуп Шадиев қазіргі қазақ футболы көрші елдердің біразынан арта қалған деп санайды.

Юсуп Шадиев: Біз Өзбекстаннан бірнеше жылға қалып қойдық
kazfootball.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы бірде-бір ресми матчта жеңіске жетпеген. Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, бірде-бір гол соға алмай кетті. Бұл туралы 1bol.kz сайты жазады. 

"Балалар мен жасөспірімдер футболына көбірек көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте база, футбол орталық тұрғызу керек. Қазақстанда бір-екі маусым ғана ойнап кетіп қалатын легионерлерге қыруар қаржы жұмсалады, ал біздің футбол сол тұрған орнынан қозғалмайды, дамымайды. Қазір бізді бұл тұрғыда Ресей мен Украина ғана емес, көрші Өзбекстанның өзі басып озды. Ол жақта өте белсенді түрде инфрақұрылым жүргізіп, жаңа базалар салып, балалармен жұмыс істеуде. Мұның бәрі қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп жатыр. Бұл жағынан олардан бірнеше жылға қалып келеміз", - дейді Юсуп Шадиев Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ол осы ретте ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Әли Әлиев туралы да өз пікірін айтты.

"Әлиді құттықтаймын, мұндай таңдауды 100 пайыз қолдаймын. Бізге дәл қазір өз мамандарымызға сенім артатын уақыт келді. Олардың саны аз емес. Әли «Қызылжарда» жақсы жұмыс істеді. Өз қолтаңбасы болды. Әрбір қарсыласқа қарымды қарсылыққа көрсетті. Тек қосалқы құрамда ойынды ширататын ойыншылары ез болатын. Біреу жарақат алса орнын басатын футболшы таба алмай жүрді. Енді құрамада ойлағаны жүзеге асады деп үміттенемін", - дейді ардагер футболшы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасына бас бапкер болған ресейлік маман Станислав Черчесовтің басы даудан арылмады. Ол қазақ тіліне қатысты журналистермен бірнеше рет сөзге келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір