Абат Айымбетов Түркия чемпионатында супергол соқты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов "Адана Демирспор" үшін гол соғуымен ерекшеленді. 

Абат Айымбетов Түркия чемпионатында супергол соқты (ВИДЕО)
el.kz

Айымбетов 88-минутта "Қасымпаша" қақпасының саңылауын тапты. Бұл нәтижелі соққы түркиялық Суперлиганың 22-турындағы үздік голдардың бірі болатыны анық. Қазақстандық шабуылшы қарсылас команданың айып алаңында допқа иелік етіп, үш бірдей қорғаушыны қапы қалдырды. Кейін жойқын соққымен қақпаны дәл көздеді. Осы голдың арқасында "Адана Демирспор" есеп айырмасын 3:5-ке қысқартты.

Абат Айымбетов биылғы чемпионаттағы 16 ойында төртінші рет мергендігімен көзге түсіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 23
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір