Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Манчестер Сити" жаңа ойыншы үшін 60 млн еуро төледі

Редактор Penalty.kz
03.02.2025, 20:30

"Порту" клубының орталық қорғаушысы Нико Гонсалес "Манчестер Ситиге" ауысты. 

BetBoost.ru
BetBoost.ru

Спорт журналисі Фабрицио Романоның айтуынша, "қалалықтар" 23 жастағы Гонсалес үшін 60 млн еуроға шығындалады. Испаниялық хавбек жақын арада медициналық тексеруден өтіп, ағылшындық грандпен еңбек келісімін жасайды.

"Барселона" футбол мектебінің түлегі Гонсалес биылғы маусымда барлық турнирлерде 29 матчқа қатысты. Соның жетеуінде гол соғып, алты рет нәтижелі пас берумен ерекшеленді. Өз кезегінде Transfermarkt порталы Гонсалесті 18 миллион еуроға бағалап отыр. 

Айта кету керек, "Сити" осы қыста трансферге 200 млн еуро жұмсады. Бұған дейін командаға Омар Мармуш "Айнтрахт", Абдукодир Хусанов "Ланс" және Витор Рейс "Палмейрас" қосылған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір