ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

"Манчестер Юнайтед" тағы 100 адамды жұмыстан қумақ

Бұған дейін клуб 250 қызметкермен қош айтысқан еді. 

"Манчестер Юнайтед" тағы 100 адамды жұмыстан қумақ
am.sputniknews.ru

"Манчестер Юнайтед" қызметкерлер саны қысқартудың кезекті легін қолға алмақ. Нәтижесінде жүзден аса маман жұмыссыз қалуы мүмкін. 

Бұл шара былтыр мамырда басталған оңтайландыру ісінің жалғасы. Сол кезде клуб шамамен 250 адаммен қоштасқан болатын. 

Десе де, әзірге қызметкерлерге ресми түрде хабарлама жіберілмеген. Клуб ішіндегі ақпарат көздерінің айтуынша, аталған мәселеге қатысты нақты шешім қабылданған және ол жақын арада хабарланады. 

"МЮ" басшылығы қысқартуды қаржылық қиындықтармен байланыстырып отыр. Былтырғы маусымда команданың нәтижелері қажетті деңгейде болмаған. Сәйкесінше, ол табысқа тікелей әсер еткен көрінеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?