
Наурызда аталған командалар Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездеседі.
Танымал UFC жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Реал» мен «Атлетико» арасындағы текетіреске өз пікірін білдірді. Бұл туралы sportarena.kz хабарлады.
Испанияның екі алпауыты «Реал» мен «Атлетико» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездеседі. Қарымта матчтар 4-5 және 11-12 наурызда өтеді.
"Қайтадан бір-бірімен бітіспес қарсыластар бір-бірімен кездескелі отыр. Бұл спорттың кереметі де осында", – деп жазды Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желіде, 2016 жылғы «Реал» – «Атлетико» финалынан үзінді жариялап.
2016 жылы Чемпиондар лигасының финалында «Реал» «Атлетиконы» пенальти сериясында жеңіп (1:1, 5:3), кубокты иеленген.
Естеріңізге сала кетейік, Ньон қаласында жеребе тартылып, Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы барлық қарсыластар анықталған болатын.