Қазақстан Суперкубогындағы "Қайрат" - "Ақтөбе" матчында екі гол соғылып, ойыншы алаңнан қуылды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Алматының "Қайраты" футболдан Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. 

Қазақстан Суперкубогындағы "Қайрат" - "Ақтөбе" матчында екі гол соғылып, ойыншы алаңнан қуылды (ВИДЕО)
vesti.kz

“Астана Арена” стадионында өткен Суперкубок матчы 2:0 есебімен “Қайраттың” жеңісімен аяқталды. Таблодағы нәтиже екінші таймда өзгерді. 58-минутта “Қайраттың” бразилиялық ойыншысы Элдер Сантана Валерий Громыконың дәл пасын пайдаланып есеп ашты.

Ал 61-минутта алматылық клуб Еркін Тапаловтан айырылып қалды. Орталық аймақта допқа кедергі жасауға тырысқан ол екінші ескерту алып алаңнан қуылды. Бұл сәт матчтың тактикалық бағытын өзгертті. “Қайрат” жаңа қадам жасап, “Челси” ойыншысы Дастан Сәтпаевты алаңға шығарды. 

Ал матчтың негізгі уақыты аяқталуға жақын қалғанда ақтөбелік қорғаушылардың қателігін оңтайлы пайдаланған Громыко есепті еселеді.  

Осылайша “Қайрат” өз тарихында үшінші рет Суперкубокты жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір