
16 жастағы Дастан Сәтбаев алғаш рет футбол нарығында бағаланды.
Белгілі халықаралық футбол ресурсы Transfermarkt алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың нарықтық құнын 500 мың еуро деп белгіледі.
Дастан Сәтбаев Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының құрамында ойнап, өзін үздік қырынан көрсетіп келеді. Ол жақында "Ақтөбеге" қарсы өткен Суперкубок матчында алаңға екінші таймда шықты, тәжірибелі Гиоргий Зарияны алмастырды. Бұл кездесуде "Қайрат" 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жас шабуылшы үшін маңызды тәжірибе алаңы болды.
Бұған дейін ресми ақпарат көздері Дастан Сәтбаевтың Англияның атақты "Челси" клубына ауысатынын хабарлаған. Клубтар арасындағы келісімге сәйкес, жас талант 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толған соң лондондық клубқа қосылады.