"Қатты гүрсіл естілді". Алматыдағы Орталық стадионда не болды? (ВИДЕО)
Telegram арналарында «батыс трибуна шатырының бір бөлігі опырылды» деген ақпарат тараған болатын.
Vesti.kz
25 ақпан күні кешке Алматыдағы Орталық стадион маңындағы қатты гүрсіл жақын жерде тұратын тұрғындарды шошытты.
Telegram арналарында «батыс трибуна шатырының бір бөлігі опырылды» деген ақпарат та тарады. Алайда, Алматыдағы Спорт нысандары дирекциясы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Аталған мекеме келтірген мәлімет бойынша Орталық стадионда кино түсіріліп, арнайы эффектілер қолданылған.
«Барлық жұмыстар қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілді. Стадион қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, 8-наурызда «Қайрат» клубы Орталық стадионда шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet