Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

8 гол соғылған сұмдық матч: "Барса" барын салды, "Атлетико" аянбады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Енді Испания кубогы жартылай финалының жеңімпазы Мадридте анықталады. 

Испания кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Атлетико» жанкүйерлерге футбол спектаклін сыйлады.

Матч қалай өтті?

Ойын «Атлетиконың» шабуылымен басталды: 1-минутта Альварес есеп ашса, араға 5 минут салып, Гризманн есепті еселеді. Алайда, Ханси Фликтің шәкірттері бұған тез жауап берді – Педри мен Кубарси 21-минутқа дейін есепті теңестірді. Ал тайм аяқталарда, Иньиго Мартинес «Барселонаны» алға шығарды – 3:2.

Екінші таймда Роберт Левандовски бір гол салып, басымдықты арттыра түсті. Десе де, «Атлетико» ерік-жігер танытып,  Льоренте мен Сорлоттың арқасында есепті теңестіре білді – 4:4.

Испания кубогы Фото: sports24.kz

Қарымта матч қашан өтеді?

Жартылай финалдың қарымта ойыны 3 сәуірде Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір