Криштиану Роналду мансабындағы 925-голын соқты
Атақты португалиялық шабуылшы, "Әл-Наср" футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду мансабындағы 925-голын соқты.
sportbox.ru
40 жастағы футболшы Сауд Арабиясының Про-лигасының 22-турында "Әл-Уахда" клубына қарсы өткен матчта есеп ашты. Ол екінші таймның басында флангтан келген пасты баспен бағыттап, қарсылас қақпасына гол соқты.
Бұл кездесу қасиетті Мекке қаласында өтті. Ойынның 65-минутына дейін "Әл-Наср" 1:0 есебімен алда келе жатты.
Роналдудың 2024 жылғы статистикасы
Ағымдағы маусымда 40 жастағы сұрмерген барлық турнирлерде 29 матчқа қатысып, 25 гол және 4 нәтижелі пас берді. Жұлдызды ойыншының "Әл-Наср" клубымен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жалғасады.
Роналдудың нарықтық құны
Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта футболшының нарықтық бағасы €12 миллионға тең.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet