
Чемпиондар лигасында 1/8 финалдың бірінші ойындары өтті.
Мадридтік дербиде "Реал" өз алаңында "Атлетиконы" тізе бүктіріп, маңызды жеңіске жетті. Карло Анчелотти шәкірттері тактикалық басымдық көрсетіп, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды.
4-минутта Родриго есеп ашса, Хулиан Альварес 32-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Ал 55-минутта Браим Диас "Реалға" жеңіс сыйлады.
ЕсепАғылшындық "Арсенал" ПСВ-ны ойсырата жеңіп, қарсылас қақпасына жеті гол тоғытты.
Есеп 18-минутта ашылды. "Арсенал" қорғаушысы Юрриен Тимбер алғашқы голдың авторы атанды. Ал 21-минутта Итан Нванери нәтижені еселей түсті. Араға он минут салып Микель Мерино лондондықтардың басымдығын айқындай түсті – 3:0.
43-минутта Ноа Ланг пенальтиден гол соғып, ПСВ есепті қысқартты – 3:1.
Үзілістен кейін Мартин Эдегор "Арсеналдың" төртінші голын енгізсе, тура бір минуттан кейін Леандро Троссард бесінші допты тоғытты.
73-минутта Эдегор дубль жасады. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда Риккардо Калафьори кездесудің соңғы голын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 7:1.
"Боруссия" мен "Лилль" арасындағы кездесу тең аяқталды. Екі команда да шабуылда белсенділік танытқанымен, жеңімпаз анықталмады.
22-минутта "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Карим Адейеми матчтағы алғашқы голды соқты. Ал 68-минутта Джонатан Дэвидтің пасын оңтайлы пайдаланған Хакон-Арнар Харальдссон есепті теңестірді.
Ағылшындық "Астон Вилла" мен бельгиялық «Брюгге» арасындағы кездесу тартысты өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Бирмингемдік клубтың шабуылшысы Леон Бэйли есепті небәрі 3-минутта есеп ашты. Ол Тайрон Мингздың пасынан кейін гол соқты.
12-минутта «Брюгге» қорғаушысы Максим Де Кёйпер Христос Дзолистің ассистінен кейін есепті теңестірді.
82-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Брандон Мехеле өз қақпасына гол соғып, "Астон Вилла" алға шықты – 1:2.
88-минутта Марко Асенсио пенальтиден нәтижені 1:3-ке жеткізді.