
Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қызылжар" клубының шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай жарақат алып, Өзбекстанға емделуге аттанды.
31 жастағы шабуылшы жаттығу кезінде жарақат алып, Қазақстан Премьер-лигасының ("Жетісуға" қарсы 1:1 есебімен аяқталған) алғашқы тур матчына қатыса алмады.
Қазір Жанғылышбай Ташкентте ем қабылдап жатыр. Жақын арада командасына қайта қосылады.
Тоқтар Жанғылышбай "Қызылжарға" ауысқанға дейін "Шахтер", "Астана", "Қайрат", "Ордабасы" және басқа да клубтарда ойнаған.
2019 жылғы маусымда "Астана" қақпасына соққан голы маусымның үздік голы деп танылды.
Әдемі голдарымен көзге түскен шабуылшыны жанкүйерлер швециялық жұлдыз Златан Ибрагимовичпен салыстырып, "Қазақ Златаны" деп атаған.