
ПСЖ-ның грузиялық шабуылшысы Хвича Кварацхелия Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Ливерпульге" қарсы матчтағы (0:1) жеңілістен кейін өз әсерін бөлісті.
20-минутта Хвича Кварацхелия есеп ашқандай болды, алайда VAR жүйесі голды офсайдқа байланысты жоққа шығарды. Бұл жағдайға қатысты грузиялық футболшы өз ойын RMC Sport басылымына берген сұхбатында білдірді:
"Голымның есептелмегеніне қатты ренжідім, бірақ мен жұмысымды жалғастыруым керек. Нәтижелер әлі келеді – әрі мен үшін, әрі команда үшін. Бізде гол соғуға көп мүмкіндік болды. Бүгін біз “Ливерпульге” қарағанда жақсы ойнадық. Біз жеңіске немесе тең ойынға лайық болдық, бірақ бұл – футбол. Алда қарымта кездесу бар. “Энфилдте” қиын болатынын түсінеміз, бірақ біз сол ойында да дәл осы қарқынмен ойнап, өз мүмкіндігімізді голға айналдыруымыз керек”- деді Кварацхелия.