Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ҚПЛ клубының директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Сарапшы, спорт журналисі
06.03.2025, 11:59

Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөнсебаевқа қатысты үкім шығарды. Ол жеті жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

ҚПЛ клубының директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылды
forbes.kz

Антикордың 2025 жылғы 6 наурыздағы мәліметіне сәйкес, Дөнсебаев футболшылардың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 31,9 миллион теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.Тергеу барысында ол 2022-2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 миллион теңгені сенімді адамдардың карточкалық шоттарына аудару арқылы иемденгені анықталды, деп жазады Zakon.kz.

Сот үкімі және жазаның ерекшеліктері

  • Дөнсебаев толықтай келтірілген шығынды өтегені және ауыр сырқаты бары ескеріліп, жеті жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
  • Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Дөнсебаевтың екі айға қамауға алынғаны алғаш рет 2024 жылдың 2 маусымында белгілі болды. Кейін тергеу оның қаржылық қылмыстарға 2022 жылдан бері қатысы барын анықтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір