
"Әл-Наср" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзіне ұқсағысы келген жанкүйерді көпшіліктің көзінше мазақ еткен.
Бұл жағдай Сауд Арабиясының Про-Лигасындағы "Әл-Шабабқа" қарсы ойын алдында болды.
Стадионда Роналдуға ұқсауға тырысқан жанкүйер отырды. Ол Португалия құрамасының жейдесін киіп, Роналдуға тән шаш үлгісін жасаған. Оны байқап қалған жұлдызды футболшы жанкүйерге қарай жүгіріп, мынадай сөздер айтты:
"Бро, сен маған мүлде ұқсамайсың! Сен өте ұсқынсызсың!"
Бұл сөздерге қарамастан, жанкүйер жарқын күлкісін сақтап, Роналдуға:
"Сен үздіктердің үздігісің!" – деп жауап қайтарды.
Футболшы бұл реакцияға күлімдеп, бас бармағын жоғары көтеріп белгі берді. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тез таралып, қызу талқылануда.
Осы кездесуде Криштиану гол соғып, командасына көмектесуге тырысқанымен, "Әл-Наср" “Әл-Шабабпен" 2:2 есебімен тең ойнады.
Соңғы үш ойынның ішінде команда тек екі ұпай жинап, Сауд Арабиясы чемпионатында 10 команданың ішінде 4-орында қалып отыр.