Уэльс капитаны Қазақстанға қарсы матчқа балдақпен келді (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Уэльс құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы және көшбасшысы Аарон Рэмзи 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанға қарсы өтетін матч қарсаңында команда базасына келді. 

Уэльс капитаны Қазақстанға қарсы матчқа балдақпен келді (ФОТО)
independent.co.uk

Рэмзи алаңға шықпайды, бірақ рухани қолдау көрсетеді

Футболшы жарақатына байланысты алдағы матчта ойнамайды. Дегенмен құраманы жалғыз қалдырмай, ойыншыларға моральдық қолдау көрсету үшін Кардиффке келген. Уэльс құрамасының баспасөз қызметі Рэмзи балдақпен түскен фотосын жариялап, оған: "Сені көргенімізге қуаныштымыз, Рэмбо!" деген жазба қалдырды.

Матч 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні, Астана уақытымен 00:45-те, Кардифф қаласындағы "Cardiff City Stadium" аренасында басталады.

Бұл кездесуден кейін қазақстандықтар 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні Лихтенштейнге қарсы тағы бір сырт алаңдағы матч өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір