
"Әл-Хилял" клубының бас бапкері Жорже Жезуш Бразилия ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлердің қатарында.
70 жастағы португалиялық маман клуб маусымы аяқталысымен-ақ ұлттық құрама жұмысын бастауға дайын. Бірақ Бразилия футбол федерациясы әлі де "Реал Мадридтің" бас бапкері Карло Анчелоттидің кандидатурасын қарастырып отыр. Италиялық маман жазда бос қалуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Бразилия құрамасының бас бапкері Доривал Жуниор қызметінен кетті. Бұл шешім Аргентинадан 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында қабылданған.
Жорже Жезуш болса, 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының "Әл-Хилял" клубын жаттықтырып келеді. Қазір оның командасы жергілікті чемпионатта екінші орында тұр.