
Жуырда Асхат Сейсембек әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Асхат Сейсембек Instagram желісіндегі парақшасында клубтың қазіргі жағдайына байланысты мәлімдеме жасады. Ол команда нәтижелерінің көңіл көншітпейтінін мойындап, жанкүйерлерге түсініктеме берді.
«Нәтижелер бізді қуантып отырған жоқ. Бірақ бұны дұрыстай аламыз, оған күмән жоқ!» – деп жазды клуб басшысы.
Асхат Сейсембектің айтуынша, «Ордабасы» соңғы бірнеше айдан бері терең өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Клуб жарты жылдан астам уақыт бұрын жаңадан қалыптасып, бірден ішкі және сыртқы реформаларға бет бұрған.
Басымдық берілген негізгі бағыттар:
Клуб президенті бұл өзгерістердің оңай болмағанын атап өтіп, спортта нәтижеге жету үшін уақыт қажет екенін айтты.
«Ордабасы» президенті клубтың биылғы басты мақсаты – Еурокубок жарыстарында сәтті өнер көрсету және Қазақстан чемпионатында жоғарғы орындар үшін күресу екенін мәлімдеді.
«Біз осы жылы Еурокубоктарда ойнаймыз және чемпионатта ең жоғары орындар үшін күресетін боламыз. Қазір тек қана 3 тур өтті, оның 2-еуі өткен жылдың жүлдегерлерімен», – деді Сейсембек.
2025 жылғы ҚПЛ-дің алғашқы үш турында «Ордабасы» 2 ұпаймен соңғы 14-орында тұр. Команда әлі бірде-бір гол соққан жоқ.