
ҚХЛ президенті "Барыстың" тағдырын және Қазақстан құрамасына қатысты пікірін айтты.
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) президенті Алексей Морозов "Барыстың" келесі маусымдағы қатысуы мен ұлттық құраманың нәтижесіне байланысты мәлімдеме жасады.
"Біз "Барыстан" барлық қажетті құжаттарды алдық. Клуб алдағы ҚХЛ маусымына қатысатынын ресми түрде растады. Олардың турнирден шығып қалуына негіз болатын ешбір жағдай жоқ", — деді Морозов.
Морозов биылғы маусымда "Барыс" құрамындағы легионерлермен болған қиындықтарды, сондай-ақ басшылықтың бірнеше рет ауысқанын атап өтті.
"Бұл маусымда оларда легионерлермен келісімшарттар бұзылып, басшылық бірнеше мәрте ауысты. Қазір "Барыс" ҚХЛ-де, ал "Снежные Барсы" ЖХЛ-де тіркелген. Лига құрамын бес жылға бекіткенбіз", — деді ол.
ҚХЛ басшысы Қазақстан құрамасының биылғы нәтижелеріне көңілі толмағанын ашық айтты.
"Барыс" өкілі жиналыста клубтың қатысатынын нақты растады. Енді олар терең талдау жасап, ұлттық құраманың көрсеткіштерін зерттейтін болады. Нәтиже көпшілікті, соның ішінде бізді де қынжылтты. Біз Қазақстан командасы сәттірек өнер көрсетеді деп үміттендік", — деп қорытындылады Морозов.