Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Пара алған шенеунік "Барысқа" басшылық қызметке келді

Редактор Penalty.kz
17.06.2025, 14:04

Ол хоккей клубының жаңа бас директоры болып тағайындалды.

primeminister.kz
primeminister.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды. Бұл туралы "Головой об лёд" телеграм-арнасы хабарлады.

Сәкен Мұсайбеков кім?

Сәкен Мұсайбеков — қазіргі Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының (ҚФХ) бас директоры, сондай-ақ Қазақстан ҰОК-нің қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті. Енді ол Нұрлан Оразбаевтың орнына келіп отыр.

Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың қазанында тағайындалып, 2025 жылдың сәуірінде отставкаға кеткен еді.

Кезіндегі сот ісі: жемқорлық дауы

Мұсайбеков бұрын вице-министр қызметін атқарып жүріп, пара алғаны үшін сотталған болатын. Газет "Время" дерегінше, ол 2021 жылы ақпанда ұсталып, 2021 жылдың тамызында 62 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім етілген. Ол пара ретінде 3 миллион теңгеден астам тұратын әйелдер сөмкесін алғаны үшін айыпталған.

Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-дің соңғы маусымын 68 матчтан небәрі 35 ұпай жинап, ең нашар көрсеткішпен аяқтаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір