Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барыстың» сәтсіздігіне кім кінәлі? Федерация ма?

Редактор Penalty.kz
16.06.2025, 19:51

«Барыстың» ҚХЛ-дегі сәтсіздігі жайдан-жай емес екен. Федерацияның бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский клубтың құлдырауына Асқар Маминді айыптады. Оның айтуынша, биліктің бейқамдығы мен қолдаудың жоқтығы бүкіл хоккей саласын тұралатқан.

prosports.kz
prosports.kz

«Барыс» неге сүрінді?

2024/2025 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) маусымында «Барыс» клубында басшылық ауысты. Алайда бұл өзгерістер команданың нәтижесіне оң әсер етпеді – маусым сәтсіз аяқталды.

Мәселе – басшылықта

Қазақстан хоккей федерациясының бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский Prosports.kz порталына берген сұхбатында мәселенің түп-төркініне тоқталды:

«Менің ойымша, барлығы Маминге байланысты. Ол – Қазақстан хоккей федерациясының президенті, бұрынғы Премьер-Министр. Хоккей әлемінің ішкі жағдайын жақсы біледі. Егер ол хоккейдің дамуына қаржы бөліп отырған болса – нәтиже көрінер еді. Бірақ оған бәрібір сияқты. Халықаралық хоккей федерациясы өткізетін конгрестерге жылына екі рет барып, демалып қайтады. Ал Қазақстандағы жағдаймен айналысатын ешкім жоқ. Меніңше, барлық мәселе – федерацияда».

«Барысты» әдейі құртып жатыр ма?

Корсунскийдің айтуынша, «Барыс» бұрын Қазақстан хоккейінің тірегі болған. Алайда қазір бұл команданы да әдейі әлсіретіп жатыр деген пікірде:

«Қазір «Барысты» да құртып жатыр – меніңше, мұны қасақана істеп жатқан «жалған патриоттар». Халық хоккейді жақсы көреді. Мен елдің әр қаласында болдым, матчтарды көрдім. Қарағанды мен Теміртаудағы жанкүйерлер – ерекше. Әсіресе Теміртаудағы жанкүйерлер спорт сарайын қиратып жібере алады, егер командасы нашар ойнаса. Олар хоккей мен өз қаласын шын жүректен жақсы көреді. Ал басшылық пен билікке бұл спорт аса қажет емес сияқты».

Спорт министрлігі мен биліктің бейқамдығы

Владимир Корсунский қазіргі Қазақстан билігінің спортқа, оның ішінде хоккейге немқұрайлы қарайтынын сынға алды:

«Үкіметте хоккейге шын мәнінде жанашыр адам жоқ. Назарбаев кезінде аз да болса хоккейге көңіл бөлетін. Ал қазіргі басшылыққа спорттың еш қажеті жоқ. Қазақстанның спорт министріне қарасаңыз – ешқандай қозғалыс жоқ. Билікке келе сала – ұрлық, ақша жымқыру басталады. Ешқандай тұрақты саясат жоқ. Спортты сүйетін нағыз патриоттар жоқ. Тек хоккей емес, басқа спорт түрлері де шетте қалып жатыр. Жағдай күннен-күнге нашарлауда. Футбол біршама көрініп тұр, бірақ халықаралық деңгейде – нөл».

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір