
Ербол Мырзабосынов енді легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейтінін ашық айтты.
Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов елордалық «Барыс» хоккей клубының болашағы жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Барыстың» даму бағыты туралы сұраққа жауап берген министр:
«Бізде заң жүзінде шетелдік ойыншыларды (легионерлерді) мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынған. Сондықтан легионерлерді тек демеушілер есебінен тартамыз», — деді ол.
Сонымен қатар министр клуб алдына қандай міндеттер қойылатынын да атап өтті:
«Жоғары жетістіктер спортында — жоғары деңгейге шығу басты мақсат. Сонымен қатар балалар спортын дамыту бағыты да қатар жүріп жатыр», — деп нақтылады Ербол Мырзабосынов.
Еске салайық, бұған дейін «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметіне Сәкен Мусайбеков тағайындалған болатын.