
Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсеткен тәжірибелі шабуылшы Эмиль Галимовпен келісімшарт жасаспақ.
"Барыс" пен Галимов арасында бір жылдық келісім рәсімделді. Клуб тарапынан бұл келісім жақын арада ресми түрде жарияланады.
Эмиль Галимов — ҚХЛ деңгейіндегі тәжірибесі мол, бірнеше танымал клубта өнер көрсеткен шабуылшы.
33 жастағы Эмиль Галимов — Татарстанның Нижнекамск қаласының тумасы, кәсіби мансабын "Нефтехимик" жүйесінде бастаған. Кейін "Локомотив" (Ярославль), "Ақ Барыс" (Қазан), СКА (Санкт-Петербург), "Авангард" (Омбы) сияқты КХЛ-дің алдыңғы қатарлы командаларында ойнаған.
Галимов 2024/25 маусымында "Авангардта" өнер көрсетті. Оның еншісінде:
16 ойын (тұрақты чемпионат пен плей-оффты қоса есептегенде),
8 ұпай (4 гол + 4 нәтижелі пас),
Пайдалы әрекет коэффициенті: «-4».