ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

«Барыс» америкалық қақпашымен келісімшартқа қол қойды

Астаналықтар құрамын жаңа қақпашымен толықтырды. Клуб ресми түрде америкалық голкипер Адам Шилмен біржақты келісімшарт жасасты. 

«Барыс» америкалық қақпашымен келісімшартқа қол қойды
hcbarys.kz

Келісімшарттың мерзімі

Құжат бір маусымға есептелген және 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарамды. 

Адам Шилдің кәсіби мансабы «Даллас Старз» жүйесінде басталған. Өткен маусымда Америкалық хоккей лигасындағы «Колорадо Иглз» сапында 14 матч өткізіп, орта есеппен 90,4% соққыны қайтарды. Бір ойында жіберген шайбаларының орташа көрсеткіші – 2,62. Бұдан бөлек Шил Британдық жағалау хоккей лигасының «Юта Гриззлис» командасында 19 кездесу өткізді.

Ойыншы туралы деректер

Аты-жөні: Адам Шил
Туған күні: 01.05.1999
Амплуасы: қақпашы
Бойы: 193 см
Салмағы: 86 кг
Ловушкасы: сол
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.