
Елордалықтар маңызды ойыншысын уақытша жоғалтты. Команданың шабуылшысы Әлихан Әсетов қолын сындырып алды.
Әсетов жарақатты бейсенбі күні өткен «Металлургке» қарсы сырт алаңдағы матч барысында (1:5) алды. Бірінші кезеңнің ортасында ол қарсылас шабуылшысы Люк Джонсонмен жұдырықтасып, айдыннан шығып кеткен. Кейін тексеру нәтижесінде қазақстандық хоккейшінің қолы сынғаны белгілі болды.
Жарақатына байланысты Әлихан Әсетов жарақат алғандар тізіміне енгізіліп, алдағы кездесулерге қатыспайды. Ол биылғы маусымда команда сапында 5 матч өткізіп, ұпай ала алған жоқ.
Қазір «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 8-орында тұр.