"Барыс" қатарынан бес жеңілістен кейін бапкерін өзгертуі мүмкін
Қазіргі таңда "Барыс" тоғызынша орында келеді.
Фото: "Барыс" ХК
Белгілі қазақстандық маман Евгений Корешков астаналық «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравецтің орнын басуы мүмкін.
Қазіргі таңда «Барыстың» жеңілістер сериясы бес матчқа жетті. Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясы турнир кестесінде 24 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр.
Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 7 қараша күні өз алаңында «Автомобилистке» қарсы өткізеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet