Қазақстандық хоккейші еуропалық лигада тарих жазды

Сарапшы, спорт журналисі

16 желтоқсанда Финляндияның «Эссят» клубы Александр Киммен екі жылдық келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялаған болатын. 

Қазақстандық хоккейші еуропалық лигада тарих жазды
sportarena.kz

20 жастағы қазақстандық шабуылшы Александр Ким Финляндия чемпионатының ең жоғары дивизионы — Лиигада ойнайтын санаулы қазақстандықтардың қатарына қосылды.

Александр Ким — Лиигада өнер көрсететін екінші қазақстандық хоккейші. Бұған дейін мұндай жетістікке тек Игорь Кузнецов қол жеткізген. Ол 1989–1991 жылдары ХПК клубының намысын қорғады.

Айта кетейік, 1989/90 маусымында Кузнецов Лииганың үздіктерінің біріне айналып, 44 матчта 69 ұпай (18 гол + 51 пас) жинап, чемпионатты екінші мерген ретінде аяқтаған.

Екі жылдық келісімшарт

16 желтоқсанда Финляндияның «Эссят» клубы Александр Киммен екі жылдық келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады.

U20 лигасындағы жарқын маусым

Ағымдағы маусымды Ким «Эссяттың» жастар командасында бастаған. Ол:

  • 27 матч өткізді;
  • 43 ұпай (24 гол + 19 пас) жинады;
  • U20 лигасының үздік бомбардирі атанды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір