Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Барыс" жас шабуылшыға көз тігіп отыр

Сарапшы, спорт журналисі

17 жасар Богдан Залевский көкшетаулық "Арлан" сапында өнер көрсетеді.

"Барыс" жас шабуылшыға көз тігіп отыр
Сурет: ашық дереккөздерден

Астаналық «Барыс» хоккей клубы құрамын жас шабуылшы Богдан Залевскиймен толықтыруы мүмкін. Бұл туралы «Головой Об Лед» Telegram-арнасы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, «Барыс» клубы Көкшетау қаласындағы БЖСМ (ДЮСШ) түлегі, 17 жастағы «Арлан» командасының шабуылшысы Богдан Залевскийге назар аударған.

Астанада ойыншыны қаңтар айында қатарға қосуды жоспарлап отыр. Жас хоккейшіге өзін «Снежные Барсы» мен «Номад» командаларының сапында көрсетуге мүмкіндік беріледі. Ал одан кейін оны негізгі құрамның жаттығуларына шақыру да мүмкін.

Өткен маусымда «Жастар» лигасында Көкшетау командасының сапында өнер көрсеткен Богдан Залевский 29 ұпай (13 шайба + 16 нәтижелі пас) жинаған.

Еске сала кетейік, бүгін «Барыс» Астанада ҚХЛ аясында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдайды. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір