Астаналық «Барыс» канадалық қорғаушы Тайлер Уотерспунмен келісімшартты бұзғанын ресми түрде хабарлады.
Тараптар келісімді өзара келісім негізінде тоқтатты. Мұндай шешімге ойыншының Челябідегі «Тракторға» қарсы өткен сырт алаңдағы матчта алған ауыр жарақаты себеп болды. Соның салдарынан қорғаушы ұзақ уақытқа қатардан шығып отыр. Клуб легионерге көрсеткен еңбегі үшін алғыс білдіріп, толық сауығып шыққаннан кейінгі мансабына сәттілік тіледі.
«Клуб Тайлерге атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына табыс тілейді», – делінген клубтың ресми хабарламасында.
Тайлер Уотерспун КХЛ-дің 2025/26 маусымында «Барыс» сапында бар болғаны 9 матч өткізді. Алайда жарақат алғанға дейін нәтижелі ұпай жинай алмады.
Салыстырар болсақ, өткен маусымда (2024/25) ол АХЛ-де «Лаваль Рокет» клубының (НХЛ-дегі «Монреаль Канадиенс» командасының фарм-клубы) намысын қорғап, 79 ойында 18 (2+16) ұпай еншілеген.
Айта кетейік, бұған дейін «Барыс» ҚХЛ аутсайдері саналатын «Сочи» хоккей клубынан ірі есеппен жеңіліп қалған болатын.