Барлығы "Барыстың" тікелей қарсыласы "Сібір" клубының келесі ойынына байланысты.
"Барыс" жақын күндері-ақ Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен ресми түрде айырылуы мүмкін.
Бұл 5 наурыз күні "Сібір" "Шанхай Айдаһарларын жеңген жағдайда орын алуы ықтимал. Ондай жағдайда Шығыс конференциясында сегізінші орында тұрған новосібірлік клуб 60 ұпай жинап, 47 ұпайы бар "Барыс" үшін қолжетімсіз болады. Ал тұрақты чемпионаттың соңына дейін екі командаға да алты матчтан қалады. Егер "Сібір" жеңіліп қалса, онда "Барыс" плей-оффқа шығу мүмкіндігін өз ойынында жеңілген жағдайда жоғалтуы мүмкін — тағы да дәл сол "Шанхай Айдаһарларына" қарсы матчта. Бұл кездесу 7 наурыз күні Санкт-Петербургте өтеді.
Еске салайық, ҚХЛ-дегі соңғы ойынын "Барыс" та Санкт-Петербургте өткізіп, СКА командасынан 0:7 есебімен ойсырай жеңілген болатын.