Астаналықтар Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Хабаровскіде "Амурмен" кездесті.
Кездесудің алғашқы кезеңінде командалар есеп аша алмады. Екі жақ та сақ ойнап, қорғаныста мұқият қимылдады.
Екінші жиырма минуттықта "Барыс" шабуылды үдетіп, екі шайба соқты. Алдымен Әлихан Әсетов көзге түссе, кейін Майкл Веккьоне мергендігімен танылды.
Үшінші кезеңде қонақтар басымдықты уыстан шығармай, тағы бір шайба енгізді. Осылайша "Барыс" матчты 3:0 есебімен аяқтап, сырт алаңдағы қатарынан екінші жеңісіне жетті. Бұған дейін "Шанхай Дрэгонсты" 8:4 нәтижесімен тізе бүктірген.
Астаналық клуб келесі ойынын 13 наурызда Мәскеуде "Спартакпен" күш сынасады.