"Барыс" сырт алаңда қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатында Владивостокта "Адмиралды" 2:1 есебімен жеңді.

Матч тағдырын Тайс Томпсон шешті

Кездесудің алғашқы бөліктерінде командалар сақ ойнады. Екінші кезеңнің орта тұсында Макс Уиллман мергендігімен көзге түсіп, “Барысты” алға шығарды.

Алайда үшінші кезең бастала салысымен мұзайдын иелері таразы басын теңестірді. Шайба авторы – Никита Тертышный.

Соған қарамастан елордалықтар матч соңына қарай жеңісті жұлып әкетті. Ойынның аяқталуына шамамен 3,5 минут қалғанда Тайс Томпсон қарсылас қақпасынан саңылау тауып, “Барысқа” жеңіс сыйлады.

Ертең командалар Астана уақытымымен сағат 14:30-да тағы кездеседі. 

“Барыс” жеңісті жолын жалғастырып келеді

Осылайша елордалық ұжым қатарынан үшінші ойында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін команда осы серия барысында “Шанхай Дрэгонсты” 8:4 есебімен, ал “Амурды” 3:0 есебімен ұтқан.

Қазір “Барыс” 65 матчтан кейін 53 ұпаймен Шығыс конференциясы турнирлік кестесінің төменгі жағында тұр. Ал “Адмирал” 64 кездесуден соң 46 ұпай жинап, конференциядағы соңғы орындардың бірінде келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір