"Барыстың" жаңа ойыншысы қазақша сөйлеп, жанкүйерлерді қуантты (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Астаналық "Барыстың" жаңа қорғаушысы Логан Дэй қазақ тіліндегі мәтінді оқып, жанкүйерлер назарын аударды.

"Барыстың" жаңа ойыншысы қазақша сөйлеп, жанкүйерлерді қуантты (ВИДЕО)
Vesti.kz

Астаналық "Барыс" клубы жаңа ойыншы Логан Дэйдің қатысуымен түсірілген видеоны әлеуметтік желіде бөлісті. Роликте америкалық қорғаушыға қазақ тіліндегі мәтінді оқып көру ұсынылады.

Бастапқыда хоккейші кейбір сөздердің айтылуына аздап қиналады. Алайда кейін ол мәтінге үйреніп, тіркестерді екпінмен болса да сенімді оқи бастайды.

"Барыс" баспасөз қызметінің бұл видеосы клубтың жаңа ойыншысын жанкүйерлерге жақынырақ таныстыруға бағытталған.

"Барыс" Дэймен келісімшарт жасады

Бұған дейін астаналық клуб Логан Дэймен келісімшартқа отырғанын хабарлаған еді.

Америкалық қорғаушымен бір маусымға арналған біржақты келісім жасалды. Келісімшарт 2027 жылғы 31 мамырға дейін есептелген.

31 жастағы Логан Дэй соңғы екі жылда Челябінің "Трактор" клубында өнер көрсетті.

Өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатында қорғаушы 16 ұпай жинады. Оның есебінде 3 шайба және 13 нәтижелі пас бар.