Стэнли кубогының иегері "Барыста" ойнауы мүмкін

Бокс шолушысы

Канада шабуылшысы Николя Обе-Кубель мансабын ҚХЛ-де жалғастыруы мүмкін. Ол астаналық "Барыс" клубына ауысуға қызығушылық танытып отыр.

Стэнли кубогының иегері "Барыста" ойнауы мүмкін
Sports.kz

Астаналық "Барыс" құрамы тағы бір тәжірибелі легионермен толығуы мүмкін. Канадалық шабуылшы Николя Обе-Кубель ҚХЛ-де өнер көрсету нұсқасын қарастырып жатыр.

Журналист Михаил Зислистің мәліметінше, өткен маусымның көп бөлігін "Миннесотаның" АХЛ-дегі фарм-клубында өткізген канадалық хоккейші ҚХЛ-ге ауысуға дайын.

"Канадалық ойыншы өткен маусымның басым бөлігін "Миннесотаның" АХЛ-дегі фарм-клубында өткізді. Ол ҚХЛ-ге келуге дайын. Қазіргі күрделі жағдайда бұл сирек кездесетін жағдай", — деді Зислис.

Ақпаратқа сәйкес, Николя Обе-Кубельге "Трактор" мен "Металлург" клубтары нақты қызығушылық білдірген. Алайда журналистің айтуынша, ойыншы белгілі себептерге байланысты Минск немесе Астана нұсқасын қолайлырақ көреді. 

Шешім жақын күндері қабылдануы мүмкін

Обе-Кубельдің болашағына қатысты нақты шешім алдағы күндері белгілі болады. 

Әзірге канадалық хоккейшінің "Барыспен" келісімшарт жасасқаны туралы ресми ақпарат жоқ. 

Өткен маусымдағы статистикасы

Николя Обе-Кубель өткен маусымда Ұлттық хоккей лигасында алты матч өткізді. Бұл кездесулерде ол екі нәтижелі пас берді. Ал АХЛ-де "Айова Уайлд" сапында 62 ойынға қатысып, 37 ұпай жинады.

Канадалық шабуылшының есебінде 15 гол және 22 нәтижелі пас бар.

Николя Обе-Кубельдің басты жетістіктерінің бірі — Стэнли кубогы. 2022 жылы ол "Колорадо Эвеланш" сапында ҰХЛ-дің басты трофейін жеңіп алды.