Овечкиннің клюшкасы аукционда 5 млн теңгеге сатылды

Спорт шолушысы

"Вашингтон Кэпиталз" шабуылшысы Александр Овечкин пайдаланған қолтаңбасы бар клюшка қайырымдылық аукционында сатылды.

Овечкиннің клюшкасы аукционда 5 млн теңгеге сатылды
Getty Images

Ресейлік хоккейшінің ойын құралы Fan's Dream қайырымдылық аукционына қойылып, сауда нәтижесінде клюшка 11,5 мың долларға сатылды.

Аукцион сипаттамасына сәйкес, Овечкин бұл клюшкамен 2025/2026 маусымында бірнеше шайба соғып, нәтижелі пастар берген. Лоттың бастапқы бағасы 300 мың рубль (шамамен 1,7 млн теңге) болған.

40 жастағы Александр Овечкин шілдеде “Вашингтон Кэпиталз” клубымен келісімшартын тағы бір маусымға ұзартты. Ол команда сапында 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Өткен маусымда NHL матчтарында 32 шайба соғып, 32 нәтижелі пас берді. “Вашингтон Кэпиталз” шабуылшысы маусымды 64 ұпаймен аяқтағанымен команда плей-офф кезеңіне өте алмады. Хоккейші мансабында 929 гол мен 758 нәтижелі пас берген.