Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ұлттық құрама қақпашысы Еуропада үздік атанды

Хоккейден Қазақстан құрамасының және шотландиялық "Данди Старз" клубының қақпашысы Владислав Пестов Ұлыбританияның элиталық хоккей лигасы аясындағы матчта үздік ойыншы деп танылды.

Ұлттық құрама қақпашысы Еуропада үздік атанды
instagram.com/dundeestars/

Пестов 42 соққыға тойтарыс берді

Ұлыбритания элиталық хоккей лигасының Challenge Cup турнирінде "Данди Старз" сырт алаңда "Белфаст Джайантспен" кездесті. Белфастта өткен матчта алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті. 

Владислав Пестов командасы жеңілгеніне қарамастан қақпада жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. 24 жастағы голкипер қарсыластың 46 соққысының 42-сін қайтарып, командасын бірнеше рет голдан құтқарды.

Ойын қорытындысында Пестов "Man of the Match", яғни матчтың үздік ойыншысы жүлдесіне ие болды.

Қақпашы Еуропаға биыл ауысты

Өскемен хоккей мектебінің түлегі Владислав Пестов 2026 жылдың жазында "Данди Старз" сапына қосылды. Оған дейін қақпашы үш маусым бойы "Торпедо" клубының намысын қорғаған.

Еуропалық чемпионаттағы жаңа маусым Пестов үшін маңызды кезеңдердің бірі болып отыр. Ол жаңа командасында негізгі қақпашылардың бірі ретінде тұрақты түрде мұз айдынына шығып жүр.

Владислав Пестов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да өнер көрсетеді. Ол 2025 жылдың қарашасында Қазақстан құрамасымен бірге хоккейден тарихта алғаш рет өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?