Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында үздік үштікке оралды

Астаналық "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Минскінің "Динамосын" минималды есеппен ұтты.

"Барыс" ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында үздік үштікке оралды
hcbarys.kz

Жалғыз шайба матч тағдырын шешті

Кездесудің алғашқы екі кезеңінде командалар есеп аша алмады. Ойын тағдыры шешуші үшінші кезеңде белгілі болды.

"Барыстың" шабуылшысы Семён Симонов қарсылас қақпасына шайба соғып, командасына жеңіс сыйлады. Бұл кездесудегі жалғыз гол болып тіркелді.

Осы жеңістен кейін астаналық клубтың еншісінде 20 матчтан соң 23 ұпай бар. Қазақстандық команда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында үшінші орында тұр. Ал Минскінің "Динамосы" 20 ұпаймен Батыс конференциясының сегізінші сатысына жайғасты.

Келесі қарсылас кім?

Қазақстандық клуб келесі кездесуін 31 қазанда өткізеді. Бұл жолы астаналықтар сырт алаңда "Шанхай Дрэгонс" командасымен күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?