Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" жеңісті есепті сақтай алмады

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Минскінің "Динамосына" 1:2 есебімен жол берді. 

"Барыс" жеңісті есепті сақтай алмады
hcbarys.kz

Алғашқы кезеңінде командалар есеп аша алмады. Екінші жиырма минуттықта Джастин Бэйли шайба соғып, алаң иелерін алға шығарды. Ал үзіліске аз уақыт қалғанда минскіліктер таразы басын теңестірді.

Матчтың тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Қонақтар тағы бір гол соғып, жеңісті өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп — 1:2.

Сөйтіп "Барыс" ҚХЛ-дағы жеңіліс сериясын тоқтата алмады. Михаил Кравец шәкірттері қатарынан үшінші кездесуде ұпайсыз қалды.

"Барыс" келесі ойынын да өз мұз айдынында өткізеді. 25 қарашада Череповецтің "Северсталь" командасын қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?