Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" сан басымдығын жеңіске айналдырды

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Череповецтің "Северсталь" командасын 2:1 есебімен ұтты.

"Барыс" сан басымдығын жеңіске айналдырды
hcbarys.kz

Мұзайдын иелері бірінші кезеңнің 7-минутында қарсылас қақпасына шайба соқты. Бірақ бапкердің сұрауынан кейін төрешілер голды есепке алмады. Командалар алғашқы үзіліске 0:0 есебімен кетті.

Екінші кезеңнің 4-минутында Леонид Дэй Сергей Симонов пен Иван Маккошеннің пастарынан кейін есеп ашты. Төрт минуттан соң Евгений Степанов таразы басын теңестірді.

Кезеңнің 17-минутында Чарльз Приски мен Тайлер Томпсонның пастарынан кейін Бэйли сан басымдығын голға айналдырды. Үшінші кезеңде екі команда да айып минуттарын алды, бірақ есеп өзгермеді.

Осы жеңістен кейін Михаил Кравецтің шәкіреттері 31 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орында тұр. "Северсталь" 38 ұпаймен өз конференциясында үшінші сатыда келеді.

"Барыс" 27 қарашада Санкт-Петербургте СКА ұжымымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?