Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" 2:0 есебімен алда тұрып, есе жіберді

Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатында Нижнекамскінің "Нефтехимик" командасынан 2:4 есебімен жеңіліс тапты.

"Барыс" 2:0 есебімен алда тұрып, есе жіберді
hcbarys.kz

Кездесуді сәтті бастаған Қазақстан клубы алғашқы кезеңде Всеволод Логвин мен Семен Симоновтың шайбаларының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Бірақ айдын иелері үзіліске дейін есеп айырмасын қысқартты.

Екінші кезеңде ресейлік команда таразы басын теңестірді. Ал шешуші үшінші кезеңде "Нефтехимик" тағы екі шайба соғып, жеңісті өз еншісіне жазды.

Астаналық ұжым ҚХЛ аясындағы келесі матчын 1 желтоқсанда өткізеді. Михаил Кравецтің шәкірттері Екатеринбургте "Автомобилистпен" күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда: