ҚХЛ: «Барыс» «Авангардтан» айласын асыра ала ма
Елордалық клуб қазір омбылық ұжымнан 4 ұпай артта келеді.
ru.hcbarys.kz
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында бүгін астаналық «Барыс» омбылық «Авангардпен» кездеседі.
Бұл ойын Қазақстан уақытымен сағат 16.30-да басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазіргі таңда «Авангард» 24 ұпаймен Шығыс конференциясында 10-орында тұр. Ал одан төрт ұпайы елордалық команда 11-сатыда.
Айта кетейік, өткен турда астаналықтар өз айдынында күтпеген жерден көш соңындағы «Амурдан» (Хабаровск) 0:3 есебімен ұтылып қалды. Ал «Авангард» Омбыда «Адмиралды» (Владивосток)қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet