"Барыс" жеңілістен көз ашпай келеді (ВИДЕО)
Құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" Астанада "Автомобилист" клубын қабылдады.
Бірінші кезең екатеринбург ұжымының бір шайба басымдығымен аяқталды. Екіншісінде Әділ Бекетаев таразы басын теңестіргенімен қонақтар үзіліске дейін алға шықты. Соңғы жиырмаминуттық тартысты өтті. Никита Сетдиковтің мергендігі арқасында мұзайдын иелері негізгі уақытта ұтылған жоқ. Ойын овертайм мен буллит сериясына ұласқанда “Автомобилистің” жолы болды.
“Барыс” 9 қаңтарда Тольяттиде “Ладамен” кездеседі.
“Барыс” (Астана) — “Автомобилист” (Екатеринбург) 2:3 Б (0:1, 1:1, 1:0, 0:0, 0:1)
Шайбалар:
0:1 — 03:55 Бывальцев (Блэкер, Трямкин).
1:1 — 30:21 Бекетаев.
1:2 — 39:18 Кизимов (Шаров, Мэйсек).
2:2 — 54:38 Сетдиков (Антипин).
2:3 — 65:00 Голышев. Буллит
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.