Бүгін "Барыс" сырт алаңда "Ладамен" ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі

Матч Астана уақытымен 19:50-дe басталады.

Бүгін "Барыс" сырт алаңда "Ладамен" ойнайды
Vesti.kz

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізеді. Елордалық клуб сырт алаңда "Ладамен" шеберлік байқасады. Матч Астана уақытымен 19:50-дe басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Аталған командалар бір-бірімен бұған дейін 20 рет кездесу өткізген. Соның 7-еуінде "Барыс" жеңіске жетсе, қалған ойындарда ресейлік клуб басым болды. 

Қазір ҚХЛ-дің турнирлік кестесінде "Барыс" 24 ұпаймен 22-орында тұр. Ал "Лада" 37 ұпаймен 20-орында.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір