Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Барыс" жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
15.02.2025, 19:56

ҚХЛ тұрақты чемпионатында елордалық "Барыс" тольяттидің "Лада" хоккейшілерін қабылдады. 

Матчқа дейін астаналықтарда қатарынан төрт жеңіліс сериясы болса, тольяттиліктер он матч бойы жеңіске жете алмай жүрді.

Алғашқы кезең бір шайба айырмасымен ресейліктердің жеңісімен аяқталса, екінші кезеңде небәрі екі минут аралығында Мстислав Шипилин мен Кирилл Ляпунов мұзайдын иелерін алға шығарды. Ал ақырғы кезеңде "Лада" таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп — 4:2.

"Барыс" 17 ақпанда череповецтің "Северсталь" ұжымын қабылдайды. 

"Барыс" (Астана) — "Лада" (Тольятти) 2:4 (0:1, 2:0, 0:3)

Шайбалар: 

0:1 — 10:56 Михайлов (Неколенко).

1:1 — 23:54 Шипилин (Сетдиков, Жафяров).

2:1 — 25:28 Ляпунов (Хохлов, Антипин).

2:2 — 50:39 Михайлов (Юртайкин, Неколенко).

2:3 — 58:03 Ожгихин (Романов).

2:4 — 58:32 Кугрышев (Алтыбармакян).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір