Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Барыс" алға шыққанымен қатарынан алтыншы матчта тізе бүкті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.02.2025, 23:05

ҚХЛ тұрақты чемпионатында "Барыс" магнитогорскінің "Металлургын" қабылдады. 

Астанада өткен ойында алғашқы кезеңде "Барыс" сапынан Михаил Рахмановтың дәл соққысымен есеп ашылды. Бірақ екінші кезеңде қонақтар ойын тізгінін қолға алып, алға шықты. Барлық мәселе соңғы жиырма минутта шешілді. "Металлург" есепті 3:1-ге жеткізіп, "Барыс" үшінші кезеңде қарсылық көрсете алмады. Осылайша астаналық клуб қатарынан алтыншы рет жеңіліс тапты.

Келесі матч

20 ақпанда "Барыс" өз мұзайдынында Череповецтің "Северсталь" командасын қабылдайды. Бұл матчта команданың жеңілістер сериясын тоқтатуға мүмкіндігі бар.

Ойынға шолу және бапкердің пікірі

"Барыстың" бас бапкері  Ғалым Мәмбеталиев матчтан кейін ойын барысын былай бағалады:

"Жаңадан келген ойыншылардың физикалық дайындығы жеткіліксіз болды. Себебі олар екі күн бойы мұз айдынында жаттығу жасамады. Дегенмен жігіттер бар күш-жігерін салды. Бізде бірнеше жақсы мүмкіндік болды. Бірақ оларды пайдалана алмадық. Кейбір сәттерде дұрыс шешім қабылдау жетіспеді. Қорғаныста жіберілген қателіктерден екі гол өткізіп алдық, – деді Мәмбеталиев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір