"Барыс" бір күнде 5:16 есебімен жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі

Астананың "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 3х3 форматындағы чемпионатында бір күн ішінде екі рет жеңіліс тапты.

"Барыс" бір күнде 5:16 есебімен жеңілді
3x3.khl.ru

Бүгін қазақстандық ұжым Омбының “Авангарды” және Магнитогорскінің “Металлургімен” кездесті. Өкінішке қарай екі ойында да жеңіс ресейлік клубтарға бұйырды. 

Алғашқы матчта “Барыс” “Авангардқа” 1:9 есебімен ойсырай ұтылды. Елордалық клубта жалғыз шайба Руслан Оспановтың атына жазылды. Бір қызығы Оспанов есеп ашқан еді. 

Кейін “Барыс” “Металлургтен” 4:7 есебімен тағы да жеңілді. Бұл матчта Станислав Александров дубль жасады, ал Вячеслав Колесников пен Дмитрий Макеев бір-бірден шайба соқты.

Қазір “Барыстың” қоржынында 17 ұпай бар. Команда өз дивизионында және жалпы лигада соңғы орыннан көтеріле алмай келеді. ҚХЛ 3х3 чемпионатына барлығы сегіз клуб қатысып жатыр.