Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

113 легионер, 2.2 миллиард қарыз және жаңа буын: "Барыста" не болып жатыр?

Редактор Penalty.kz
28.03.2025, 15:45

Астанадағы БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде "Барыс" хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев өткен маусымды қорытындылап, алдағы жоспарларын бөлісті. 

hcbarys.kz
hcbarys.kz

Жаңа команда — жаңа үміт

"Бұл маусым біз үшін маңызды әрі мазмұнды өтті. Жаңа ұжым қалыптасты. Алға қойған негізгі мақсатымыз — өзіміздің тәрбиеленушілерді негізгі құрамға шығару болатын. 16 ойыншы ҚХЛ-де дебют жасады. Олардың арасында ұлттық және жастар құрамасының хоккейшілері бар. Тағы 14 ойыншы фарм-клуб арқылы үлкен хоккейге аяқ басты, оның ішінде 2007 жылы туған 7 жас ойыншы алғашқы матчтарын өткізді.

Команда ішіндегі атмосфера өте жақсы: бір-бірін қолдайтын, кінә іздемейтін ұжым қалыптасты. Бұл — алдағы дамуға берік негіз". 

Легионерлер мәселесі және қаржылық жағдай

"Қаржылық мүмкіндігіміз шектеулі. Солтүстік Америкалық хоккейшілерді шақыру біз үшін қиын. Қазақстанда 39 хоккей мектебі бар, ал ҚХЛ-де тек бір команда — "Барыс". Сондықтан жергілікті жастарға мүмкіндік беруіміз қажет.

Легионерлерді тек нақты мақсатпен тарту керек. Ал бұл үшін кем дегенде 8 сапалы ойыншы керек, олар негізгі уақытты алады. Жаңа заңдар да біздің мүмкіндігімізді шектеп отыр". 

Жеңілістер мен психология

"Бұл кәсіби спорт. Ойыншылар өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Биыл бәріне бірдей ойын уақыты берілді. Олар өз деңгейін көрді. Бұл мотивация мен дамуға әсер етті.

Біз "Номад" пен "Снежные барсы" командаларынан жастарды қостық. 13 легионерден бас тарттық". 

Алдағы маусымға стратегия

"Негізгі бағыт өзгермейді. Жергілікті ойыншыларды дамыту — басты мақсат. Оффсезон кезінде 4-5 жас ресейлік хоккейшіні шақыруды жоспарлап отырмыз. Бірақ қымбат легионерлер біз үшін қолжетімсіз".

Қақпашылар мен жаттықтырушылар

"Олег Ромашко — мықты маман, бірақ жақсы ұсыныс болса, оның кетуіне қарсы емеспіз.

Шутов пен Бояркин жарақат алып, ұзаққа қатардан шықты. Біз жас қақпашыларға сенім арттық. Мысалы, Шестаков өз мүмкіндігін алды".

Қазақстандық ойыншыларды қайтару

"Михайлис секілді хоккейшілер басқа клубтармен келісімшартта, ал қаржылық мүмкіндігіміз оларды қайтаруға жетпейді".

Кевин Даллмэн және жанкүйермен жұмыс

"Даллмэннің қазіргі талаптарын орындау біздің клуб үшін мүмкін емес. Оның жаттықтырушы болуға әлі дайын еместігін де ескеру керек".

ЖХЛ, ДЮСШ және шекарадан шығу мәселесі

"Снежные барсы" мен ДЮСШ командаларының ресейлік жарыстарға қатысуы — үлкен шығын. Мысалы:

  • ДЮСШ: 501 млн теңге
  • "Снежные барсы": 760 млн теңге
  • Клубтың жалпы қарызы: 2.2 млрд теңге (қазір 1.7 млрд-қа азайтылды)

Сонымен қатар денсаулық рұқсатнамасы тек Қазақстанда жарамды, шетелге шығуға ТЖМ, ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат бермейді".

Жастардың болашағы

"Снежные Барсы" — ұлттық құрама резерві. ҚХЛ-де соңғы алты маусымда 113 легионер ойнады, бұл — үрдіс дұрыс емес. 20-21 жастағы ойыншылар ересек лигада ойнауы тиіс. Біз өз хоккейімізді дамытуымыз керек. 

Көрерменді қайтарудың жалғыз жолы — жақсы ойын көрсету. Бір-екі маусым ішінде нәтижеміз жақсарады". 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір