ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан Еуроға бір табан жақындады! Қыркүйекте маңызды матчтар күтіп тұр

Қазақстан құрамасы іріктеу плей-оффына жолдама алды. 

Қазақстан Еуроға бір табан жақындады! Қыркүйекте маңызды матчтар күтіп тұр
t.me/sportzhaily

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарының келесі кезеңіне шықты. Командалар арасындағы топтық кезең аяқталып, әр топтан екінші орын алған үздік сегіз ұжым анықталды. Олардың қатарында біздің құрама да бар.

Жолдама тағдыры — екі матчта

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатына жолдама беретін шешуші плей-офф кезеңі қыркүйек айына жоспарланған. Командалар екі кездесуде — өз алаңында және қонақта — күш сынасады. Жеңіске жеткендер финалдық турнирге жолдама алады.

Жеребе 15-мамырда

Жеребе тарту рәсімі 15-мамырда өтеді. Дәл осы күні Қазақстанның қарсыласы анықталады. Айта кетейік, Қазақстан футзал құрамасы 2022 жылғы Еурода жартылай финалға дейін жетіп, құрлықтық жарыстардағы өз беделін арттырған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.