Қазақстандық гимнасшы қыздар әлем кубогында қола медаль иемденді (ВИДЕО)
Әзербайжан астанасы Бакуде көркем гимнастикадан өткен әлем кубогының (FIG World Cup) финалында Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді,
sportarena.kz
Көркем гимнастиканың топтық жаттығулары бойынша өткен финалда Қазақстан атынан өнер көрсеткен "Фурор" командасы бес лента бағдарламасында 21.850 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді.
Бес лента бағдарламасының нәтижелері:
- Қытай — 25.150
- Израиль — 23.000
- Қазақстан — 21.850
Бакудегі жарысқа Қытай, Израиль, Болгария, Түркия, Италия, Финляндия, Украина және Қазақстан командалары қатысты. Қатысушы елдердің деңгейі жоғары болғанына қарамастан қазақ қыздары қола медаль еншіледі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet