Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қостанайдағы шенеунік матч кезінде журналисті балағаттады: жанжал бүкіл елге тарады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 14:15

19 сәуір күні өткен ҚПЛ-дың 5-турындағы "Тобыл» – «Ақтөбе" матчы алаңдағы жеңістен (2:0, қостанайлықтардың пайдасына) гөрі, трибуна сыртындағы даумен есте қалды. Үзіліс кезінде Қостанай облысының шенеунігі журналистің анасына тіл тигізіп, қоғам наразылығын тудырды.

vesti.kz
vesti.kz

Үзілісте басталған жанжал: камера бәрін жазып алған

Матч арасындағы үзілісте Алмас Әбілдин есімді шенеунік пен блогер Владимир Изотов арасында дау туындаған. Алдымен шенеунік киім ауыстыратын бөлмелер орналасқан қызметтік аймаққа кірмек болған. Бірақ қауіпсіздік қызметі (жасы келген күзетші) оны өткізбеген. Бұл сәтті блогер инстинктпен видеоға түсіре бастаған.

Оқиға туралы “Серый Кардинал” Telegram-арнасы да жазып, жағдайды жан-жақты баяндады:

“Шенеунік камераны көріп, өзін ұстаудың орнына ашуға булықты. Ол блогердің анасына бейәдеп сөз айтып, шектен шықты. Бұл сөзді аударудың қажеті жоқ – мұндайға жұдырық жұмсайтындар бар. Абырой болғанда, СОБР келгенше ешкім жапа шекпеді. Бірақ сол видео әп-сәтте әлеуметтік желілерде тарап кетті”, – делінген жазбада.

Әбілдин деген кім? Журналистер шындықты анықтады

Кейіннен журналист Михаил Козачков видеоға түскен адамның Қостанай облысы әкімдігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт басқармасында бөлім басшысы екенін растады.

“Видео кейіпкері – нақты мемлекеттік қызметкер. Оқиға жеке уақытында болғанымен, қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде барлық тараптың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі”, – деп хабарлады жергілікті билік.

Әбілдинге қандай жаза қолданылуы мүмкін?

“Серый Кардинал” авторлары шенеунікке қастық тілемейтінін, Изотовтан кешірім сұрау арқылы мәселені шешуге болатынын айтады.

“Әр шенеунік елдің бет-бейнесін танытады. Сондықтан әдеп сақтап, сөзге абай болу – парыз. Себебі әр қадамыңды бақылап жүргендер әрдайым табылады”, – деп түйінделген пікір.

Қазір тәртіптік кеңес, сөгіс немесе ескерту болуы ықтимал. Жұмыстан босату мәселесі тек тексеріс нәтижесіне байланысты шешіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір